Ұлытау облысы білім басқармасының Жезқазған қаласы білім бөлімінің «№10 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
КГУ «Общеобразовательная школа №10» отдела образования города Жезказгана управления образования области Ұлытау

Төрт тоқсан - төрт өнер

«ТӨРТ ТОҚСАН – ТӨРТ ӨНЕР»

    2023 жылдың қыркүйек айынан бастап  «ТӨРТ ТОҚСАН – ТӨРТ ӨНЕР» ұлттық мәдени – ағарту жобасының тұжырымдамасы іске асырылуда.

Жобаның басты мақсаты-балаларды ұлттық мерекелер, халықтық әдет-ғұрыптар негізінде адамгершілікке тәрбиелеу, балалардың адамгершілік тәжірибе жинақтауы, халықтың рухани игілігін мұра ету, тұлғааралық және ұлтаралық қатынастар мәдениетіне қол жеткізу.

Жоба төрт бағыт бойынша жүзеге асырылуда:

I – «Ақындар айтысы» поэтикалық сайысы

II – «Алтын сақа»  олимпиадасы

III – «Ұлттық өнер»  көрмесі

IV – «Туған өлкем»  фестивалі

 

ПОЭТИКАЛЫҚ САЙЫС

«АҚЫНДАР АЙТЫСЫ»

#1ТОҚСАН#АҚЫНДАРАЙТЫСЫ#

“1 тоқсан ақындар айтысы” іс-шаралар жоспарына сәйкес Ұлытау облысы білім басқармасының Жезқазған қаласы білім бөлімінің “№10 жалпы білім беретін мектебі” КММ “Ақындар айтысы-2023” тақырыбында мектеп оқушылары арасында сайыс өтті.

Мақсаты: оқушылар арасында айтыс дәстүрін қайта жаңғырту, дәріптеу.

#1ТОҚСАН#АҚЫНДАРАЙТЫСЫ#

 

https://www.facebook.com/share/auWm92oeH66Vp3RD/?

«АЛТЫН САҚА»

#2ТОҚСАН#

№10 жалпы білім беретін мектебінде 2023 жылдың 2 қараша күні қазіргі таңда ұмытылып бара жатқан ойынды, қайта жаңғырту мақсатында «Бес асықтың қыры мен сыры» тақырыбында мектеп оқушылары арасында ұлттық ойыннан сайыс ұйымдастырылды.«Бес асық» бұл өте көне дәуірден келе жатқан, қазақ халқының ұлт ойындарының бірі. Ол еңбек құралдары ағаш, тас, сүйек болып келетін ғасырларда пайда болған деп болжанады. Бұл ойынды кезінде жасөспірімдерден бастап, ересек адамдарға дейін ойнаған.«Бес асық» ойыны арқылы оқушыларды ұлтымыздың құндылықтарын қастерлеуге, мергендікке, дәлдікке, ептілік қабілеттіліктерін дамытуға жеңіске деген құштарлыққа, намысқойлыққа, әділдікке баулыймыз.«Бес асықтың қыры мен сыры» тақырыбында мектеп оқушыларының арасындағы ұлттық ойынның нәтижесінде:

І орынды – 8 сыныптардан құралған «Алаш» тобы

ІІ орынды- 9-10 сыныптардан құралған «Самға» тобы

ІІІ орынды 6 сыныптардан құралған «Жалын» тобы жеңіп алды.

«Бес асық» ойына қатысушыларға алғыс айта отырып, әрі қарай дамытып жалғастыруларына тілектеспіз.

#біртұтас_тәрбие

#ұлытау_тәрбие

#бес_асық

#ұлттық_ойын

 

 

 

«ҰЛТТЫҚ ӨНЕР»

КӨРМЕСІ   #3ТОҚСАН#

«ТӨРТ ТОҚСАН – ТӨРТ ӨНЕР» ұлттық мәдени-ағартушылық жобаның ІІІ тоқсаны бойынша «ҰЛТТЫҚ ҚОЛӨНЕР» көрмесі ұйымдастырылды.

Қазақ ұлттық мәдениетіміздің құнды қазынасы ұлттық қолөнер - бүгінгі ұрпақты ұлттық өнер өрісіне баулитын бұлақ көзі. Сондықтан да осы іс-шарада даналықтың дәнегін дарытушы «Даналық мектебі» «Ұлттық қолөнер» көрмесін насихаттады.

#ТӨРТ_ТОҚСАН_ТӨРТ_ӨНЕР

#ҰЛТТЫҚ_ҚОЛӨНЕР

#ДАНАЛЫҚ_МЕКТЕБІ

#біртұтас_тәрбие

#ұлытау_тәрбие

 

https://www.facebook.com/share/sryWx7R2i1bL8cRV/?

 

 

«ТУҒАН ӨЛКЕМ»

ФЕСТИВАЛІ

#4ТОҚСАН#ТУҒАНӨЛКЕМ#

Ұлытау облысы білім басқармасының Жезқазған қаласы білім бөлімінің №10 жалпы білім беретін мектебінің 4-сынып оқушыларының және ата-аналарының қатысуымен «ТӨРТ ТОҚСАН – ТӨРТ ӨНЕР» ұлттық мәдени-ағартушылық жобаның  IV тоқсаны бойынша   «ТУҒАН ӨЛКЕМ» ФЕСТИВАЛІ ұйымдастырылып  «Игі істер» акциясы жүргізілді.

Мақсаты: Туған жердің тазалығын сақтау, көгалдандыру жұмысымен шұғылдандыру және табиғатты сүюге, аялауға қорғауға әр азаматтың өз үлесін қосуға тәрбиелеу

#ТӨРТ_ТОҚСАН_ТӨРТ_ӨНЕР

«ТУҒАН ӨЛКЕМ»ФЕСТИВАЛІ

#4ТОҚСАН#ТУҒАНӨЛКЕМ#

#біртұтас_тәрбие

#ұлытау_тәрбие

 

https://www.facebook.com/share/p/Kf2zRTjBu5BQyb6D/

  

  

Кулжабаева Сымбат Кусаиновна

Кулжабаева Сымбат Кусаиновна

Director


State sites